Саясат

Идеологиялық бағытта жиын өтті

Жыл басында Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тұжырымын көпшілікке назарына ұсынғаны белгілі. Президент өз сөзінде озық әрі табысты елге айналу үшін қоғамда адалдық үстемдік құруы қажеттігін баса айтқан еді.

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде дәл осы тақырыпта яғни, «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырынба жиын өтті. Онда Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, «Қоғамдық келісім» мекемесі сараптамалық қолдау бөлімінің басшысы Ербол Каншимбеков және Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Ақбайұлы қатысып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азаматтардың болашаққа сеніммен қадам басу үшін адал болудың маңызын сөз етті. 

Бұдан бөлек, идеологиялық оңалту жұмыстарын өткізу бойынша жоспарға сай ұйымдастырылған басқосу барысында жалпыұлттық құндылықтарды одан ары дамыту жайына да басымдық берілді.