Әлеумет

Балалардың өмірі бүлінбеуі тиіс

Буллинг – бүгінде мыңдаған мектеп оқушыларының ғана емес, ата-аналардың, қала берді қоғамның алдында тұрған күрделі мәселенің біріне айналды. Психологтардың айтуынша, мұндай зорлық-зомбылық түрі баланың кейінгі өміріне әсер етуі мүмкін психологиялық жарақаттар қалдырады. Бұл құбылыспен қалай күресуге болады және балаларымызды қорғау үшін қандай шаралар қолдану керек?

Жалпы, буллинг әртүрлі жолдармен дамып отырады. Кейде бұл адамның жүріс-тұрысы, келбеті, қимыл-қозғалысы, сөйлеуі, киінуі, бет-әлпеті, сондай-ақ, аурудан немесе мүгедектіктен туындаған кейбір жеке ерекшеліктерін жүйелі түрде сөзбен қорлау, лақап ат қою немесе мазақ ету болуы мүмкін. Ал, кейде одан да сорақысы – қорқыту, ұрып-соғу түрінде де болады. Мәселен, баланы итеріп жібереді, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды, қандай да бір қорлау әрекеттерін жасауға мәжбүрлеп, үшінші тұлғаларға қатысты зорлық-зомбылық арқылы іске асады. Мамандардың айтуынша, мұнымен қоса, жанама қорқыту да бар, ол манипуляциялық мінез- құлық сияқты аз айқын әрекеттер арқылы көрінеді. Бұл жалған ақпараттың, өсек пен қауесеттің таралуы, адамды әлеуметтік шеңберден шығару, бірлескен іс-шаралар, ойындар, бас тарту, елемеу және бойкоттың басқа түрлері болуы мүмкін.

Мамандардың пікіріне сүйенсек, буллингтің бірнеше сипаттамасы бар. Оның біріншісі – асимметрия. Мұндай қарым-қатынаста әрқашан бір жағынан физикалық немесе психологиялық қысым түріндегі күшке ие агре ссор, екінші жағынан зардап шеккен адам және үшінші тұлғалардың қолдауы мен көмегіне мұқтаж. Екіншіден, қорқыту әрқашан қас ақана сипатт а болады. Қорқыту кездейсоқ емес, тікелей ниетпен таңдалған адамға физикалық және психикалық азап шегуге бағытт а лған. Жасөспірімдер мен балалар ортасының ерекшеліктері келесі сипаттаманы белгілейді – бұл көбінесе зорлық-зомбылық жасаушы мен жәбірленушіге ғана емес, сонымен бірге зорлық- зомбылық куәгерлеріне, ол орын алатын бүкіл сыныпқа немесе топқа әсер ететін топтық процесс. Ол ешқашан өздігінен тоқтамайды, мұндайда процестің барлық қатысушыларына әрқашан қорғаныс пен көмек керек. Қорқыту жәбірленушіге ұзақ мерзімді теріс әсер етеді, тіпті суицидтік мінез-құлықтың дамуына әкелуі мүмкін. Буллингпен күресу кезінде бұл зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін есте ұстаған жөн, сондықтан бірінші кезекте зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне нөлдік төзімділік мәдениетін қа лыпт астыру маңызды.

Өкінішке қарай, қорқытудан тек жәбірленуші зардап шекпейді. Оның ата-ана, туған- туыстарына да үлкен әсерін тигізеді. Мұнымен қоса, көбісі ескере бермейтіні – қорлауды ұйымдастыратын адамға да көмек қажет. Мұндай жағдайға сауатты қарау үшін ішкі ресурстарды іздеуге баса назар аудару керек. Қиын жанжалды жағдайларда қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту қажет.

Иә, өкініштісі, буллинг кез келген қоғамда болатын зорлық-зомбылық түрі. Оған төзімділікті қалыптастыру көп уақытты қажет етеді. Сол себепті де бұл тек жастардың ғана емес, бүкіл қоғамның да құндылық таразысына түсетін мәселесі.

 

Нұрболат АМАНБЕК