Exit poll: қазақстандықтардың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады
Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап
«Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қоры «Хабар» агенттігінің тапсырысы аясында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру күні exit poll (референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама) өткізді.
Оның айтуынша, деректердің қателегі шамамен 1,5 пайыз деңгейінде.
Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді. 6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.
Айта кетейік, 20:00-дегі жағдай бойынша 7 820 918 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 63,87 пайызы.