Қайырымдылық ас берілді
Мүгедектер күніне орай облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы аналармен кездесті. Оларға арнап «DUBAI MANGAL» мейрамханасында 100 адамға демеушілердің қолдауымен қайырымдылық ас берілді.
Аталған іс-шарада Тараз қаласының белсенді ата-аналары облыс басшылығына, демеушілік жасаған азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы аналарға арнап облыстық К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері дәстүрлі жанрда ән айтып, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Aq jol»-Aqparat.