Бақылаушылар да белсенді
Тараз қаласы, Домалақ ана көшесінде орналасқан Жамбыл жоғары политехникалық колледжі ғимаратында орналасқан №463 референдум учаскесіне дауыс беру заң талабына сай жалғасуда, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Мұнда тәртіптің бұзылмауын, заңдылықтың сақталуын бірнеше бақылаушы қадағалап отыр. Атап айтқанда, "АМАNAT" партиясы облыстық филиалы атынан Гүлжамал Қайратқызы Сәрсенова, "Дауыс" қоғамдық бақылаушылар коалициясы республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының бақылаушы өкілі Ақбаян Орынбасарова және "ЭНИГМ" қоғамдық бірлестігі өкілі Дәулет Құсайынұлы Досмайлов бақылап отыр.
Айта кетейік, референдумға аккредиттелген республикалық 13 қоғамдық бірлестік және жергілікті 4 қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан байқаушылар қатысуда.