Кәсіпорын басшысы дауыс берді
Бүгін ел аумағында тәуелсіз Қазақстан тарихында төртінші референдум өтіп жатыр. Жасыл экономикаға жол бастайтын жарқын жоба жайлы азаматтар өз ойларын ортаға салып, ұлт келешегі үшін дауыс беруде, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Айтулы күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіндегі №39 дауыс беру учаскесіне «ТаразЭнергоОрталық» АҚ төрағасы Жұмабек Бөлекбаев келіп таңдау жасады.
Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте сайлаушылар белсенділігі айтарлықтай артқан. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, түске дейін еліміздегі саяси құқыққа ие электораттардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгенген.