Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
Қордай аудандағы №226 сайлау учаскесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Харкиевич Буларов дауыс берді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Этносаралық достықты дәріптеуде басты институт санаталын Ассамблея елімізде бастау алған жаңа белесті қолдайтынын айтқан ол референдум жарқын болашаққа бастайтынын, сол арқылы еліміз дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді.
Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, облыс бойынша референдумғақатысуға құқығы бар 717039 азаматтарға шақыру қағаздарын таратуға 2 566 комиссия мүшелері, 2 865 еріктілер және 388 полиция қызметкерлері жұмылдырылып, барлығы 410 мыңнан астам аула, пәтерлер араланып, жалпы саны – 716 680 дана бірыңғай белгіленген форматта шақыру қағаздары таратылып, кері байланыс орнатылды.