18 жасқа толған азаматша тұңғыш рет референдумға қатысты
Референдум барысында түрлі айшықты оқиғалар легі толастар емес. Мәселен Тараздағы №36 мектептегі №68 референдум учаскесіне дәл бүгін 18 жасқа толып, дауыс беру құқығына ие болған сайлаушы келді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Шұғыла Серікбай осындай атаулы күнге тұспа-тұс келген туған күнінде ел үшін маңызды қадам жасап жатқанына риза екенін жеткізді.
Аталған учаскедегі комиссия төрағасы Қалтай Арынұлы туған күн иесіне барша комиссия мүшелерінің атынан арнайы сыйлық тарту етіп, кәмелеттік жасқа толған өренге ақ тілегін жеткізді.
Айта кету керек, қазіргі таңда Тараздың барлық референдум учаскелерінде саяси науқан қызу жүріп жатыр. Маңызды оқиға барысында әсіресе жастардың үні басым.