Жаңалықтар

Паралимпиада жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали жерлестерін дауыс беруге шақырды

Токиода өткен жазғы паралимпиада ойындарында жүзуден қола медаль иегері атанған Нұрдаулет Жұмағали №20 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп дауыс берді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

 

Саяси науқанның ел болашағы үшін маңызды екендігіне баса назар аударған паралимпиада ойындарының жүлдегері дауыс берушілерді белсенділік танытуға шақырды.

Сөз соңында паралимпиада жүлдегері барша жерлестерді таңдау жасауда белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, облыс бойынша референдумғақатысуға құқығы бар 717039 азаматтарға шақыру қағаздарын таратуға 2 566 комиссия мүшелері, 2 865 еріктілер және 388 полиция қызметкерлері жұмылдырылып, барлығы 410 мыңнан астам аула, пәтерлер араланып, жалпы саны – 716 680 дана бірыңғай белгіленген форматта шақыру қағаздары таратылып, кері байланыс орнатылды.