Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов саяси науқанда өз таңдауын жасады

Дзюдодан тұңғыш олимпиада чемпионы, жамбылдық Елдос Сметов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Ол Тараз қаласындағы №82 референдум учаскесіне келіп дауыс берді.  Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық парызын орындаған спортшы өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.  

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, референдум комиссиялары өздеріне жүктелген міндеттерге байланысты, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарды тізіммен таныстыру, оларды нақтылау және оларға  дауыс беру күні, уақыты, орны туралы хабардар ету бойынша қажетті шаралар қабылдады.

Нақтырақ айтқанда, облыс бойынша референдумғақатысуға құқығы бар 717039 азаматтарға шақыру қағаздарын таратуға 2 566 комиссия мүшелері, 2 865 еріктілер және 388 полиция қызметкерлері жұмылдырылып, барлығы 410 мыңнан астам аула, пәтерлер араланып, жалпы саны – 716 680 дана бірыңғай белгіленген форматта шақыру қағаздары таратылып, кері байланыс орнатылды.