Қоғам белсендісі таңдау жасады
Референдум қарсаңында зейнеткерлер, спортшылар мен жастар да келіп біркісідей таңдау жасауда, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Айтулы күні өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында сан салада қарымды қызмет атқарған қоғам белсендісі Қасымхан Төлендиев те таңдау жасау науқанынан шет қалмаған.
Сөз соңында қоғам белсендісі аймақ тұрғындарын референдумда белсенділік танытуға шақырды.
Айта кетейік, дауыс беру күні учаскелерде «электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексеру онлайн-сервисін іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылданды. Аталған сервис, облыс бойынша 315 учаскеде қызмет көрсететін болады. Оған жауапты комиссия мүшелері арнайы оқытудан өтіп, берілген нұсқаулыққа сәйкес тест режимінде порталға қосылды.