Жаңалықтар

Тараздық танымал ұшқыш саяси науқанда өз таңдауын жасады

Тараз қаласында 47 жыл ғұмырын әуе қатынастары саласына сарп еткен танымал ұшқыш Орынбек Жорабеков тұрады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бүгін Орынбек Жорабеков «Бәйтерек» шағынауданында орналасқан №498 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Әуе саласының үздігі Орынбек Жорабеков: «Мен өмірімнің көпшілік бөлігін әуеде өткіздім. Сондықтан, маған жердің үстіндегі жақсы күндердің бәрі қымбат. Еліміздің жаңа қадамына қуанып , дауысымды бердім. Еліміз өркендей берсін. Халқымыз тыныш, бақытты, мемлекетіміз қуатты болсын», - деді нағыз еңбек адамы.

Айта кетейік, Референдумға аккредиттелген республикалық 13 қоғамдық бірлестік және жергілікті 4 қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан байқаушылар қатысады.

Бұдан бөлек, тіркеуде жоқ азаматтарды референдум учаскелерінің мекенжайларына тіркеу сервисі Тараз қаласының  – 5 учаскеде (№9, №28, №82, №496, №505)  жұмыс істеуде.. Аталған учаскелер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған.