Жаңалықтар

Дауыл Бейсенқұлов өз таңдауын жасады

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өз таңдауын жасады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Дауыл Ынтықбайұлы жерлестерін саяси науқанға аса үлкен жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, референдум комиссиялары өздеріне жүктелген міндеттерге байланысты, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарды тізіммен таныстыру, оларды нақтылау және оларға  дауыс беру күні, уақыты, орны туралы хабардар ету бойынша қажетті шаралар қабылдады. Нақтырақ айтқанда, облыс бойынша референдумғақатысуға құқығы бар 717039 азаматтарға шақыру қағаздарын таратуға 2 566 комиссия мүшелері, 2 865 еріктілер және 388 полиция қызметкерлері жұмылдырылып, барлығы 410 мыңнан астам аула, пәтерлер араланып, жалпы саны – 716 680 дана бірыңғай белгіленген форматта шақыру қағаздары таратылып, кері байланыс орнатылды.