Жаңалықтар

Саяси науқанда жамбылдық қолөнершілер де белсенділік танытуда

Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №35 референдум учаскесінің дауыс берушілерінің де белсенділігі жоғары.Маңызды саяси науқан барысында тұрғындар назарына жәрмеңке мен қолөнершілер көрмесі ұсынылып, концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылған, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

№35 референдум учаскесінде де қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген көрмеде тақия, сөмке, ойыншықтар секілді түрлі тоқыма бұйымдары көздің жауын алады. Қолөнер шебері. Дилафруз Махмадулаева айтуынша маңызды науқанда белсенділік таныту ар азаматтың парызы.

Айта кетейік, бүгін  өңірдегі дауыс беруге арналған 508  референдум учаскелері ОСК бекіткен нұсқаулығына сәйкес, жарақтандырылып, онда 3616 комиссия мүшесі азаматтарға дауыс беру барысында заң талаптарына сәйкес қызметтер көрсетуде.