Саясат

Дауыс берушілер қазақы дәмнен ауыз тиді

Тараздағы №28  дауыс беру  учаскесінде  дәл қазіргі сәтте тіркелген дауыс берушілер белсенді түрде өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды aqjolgazet

Еске сала кетейік, референдум қарсаңында дауыс берушілер құрметіне түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Осы орайда Абай даңғылы 138 мекенжайында орналасқан №28  дауыс беру  учаскесіне келушілерге арнап әжелер қауымы арнайы шашу шашып, ұлттық дәстүрді ұлықтады. 

Қазақы дәстүрді жаңғыртып жүрген әжелер ән де шырқап, келушілерге бауырсақ үлестірді