Алғаш болып дауыс берген жамбылдыққа қасиетті домбыра сыйға тартылды.
Бүгін елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум басталды. Осынау маңызды күні таңертең алғашқылардың бірі болып, Жамбыл атындағы №5 мектеп - гимназиясында орналасқан №35 сайлау учаскесіне Тараз қаласының тұрғыны Айдарбек Айманбетов келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Ол өз сөзінде дауыс беру нағыз азаматтық парыз екенін атап өтті.
Бір ерекшелігі сол, алғаш болып дауыс берген азаматқа қасиетті домбыра сыйға тартылды.
Айта кетейік, өңірімізде таңғы сағат 7:00-лен бастап дауыс беруге арналған 508 референдум учаскесі өз жұмысын бастады.