Білім

«КОНФУЦИЙДЕН» БІЛІМ АЛАТЫН БОЛАМЫЗ

«КОНФУЦИЙДЕН» БІЛІМ АЛАТЫН БОЛАМЫЗ

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясындағы жұмыс сапары барысында білім беру бойынша әріптестік қатынас орнатуға да қол жеткізген болатын. Бүгінде өңірдегі жоғары оқу орындарының 8 студенті Қытайда білім алса, «аспан асты» елінің 2 студенті Тараз қаласында оқып жатыр. Әріптестік және ортақ білім беру келісімдерінің нәтижесінде олардың саны жыл өткен сайын көбейе беретін болады. Сондай-ақ, болашақта Шэньси педагогикалық институты мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті арасында білім беру кеңістігінде бірлескен әріптестік орнатылып, мемлекетаралық деңгейдегі «Ұлы Жібек жолы: Қазақ – Қытай арасындағы тарихи, мәдени және экономикалық байланыстардың кешегісі мен бүгіні» атты кешенді халықаралық конференция өткізілмек. Алдағы уақытта облыс орталығында Қытай Халық Республикасының мүдделі тұлғаларының құрылтайшылық етуімен «Конфуций» институтын ашу жоспарлануда.

«Ақ жол-Ақпарат».