Жаңалықтар

Экологиялық акция жалғасуда

Таразда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 200-ден астам жас еріктілердің басын қосқан күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді.

Акция жастардың қала тазалығын сақтауына және экологиялық жағдайды жақсарту шараларына белсенді қатысуына ықпал етуде. Шараға қатысушылар айналаны тұрмыстық қалдықтардан ластану мәселесіне баса назар аударып, канал маңы мен оған жақын аумақтарды қоқыстан тазартты.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ