«Таразэнергоорталық» АҚ-ның жылжымайтын мүлкін сату аукционы өтеді
Лот – Жер көлемі 0,8887 гектар, құрайтын өндірістік базасын, орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 49 үй, бастапқы бағасы – 914 361 000 (тоғыз жүз он төрт миллион үш жүз алпыс бір мың) тенге 00 тиын.
2024 жылғы 19 тамызда «Независимая оценка Шанырак» ЖШС-мен берілген ақпараттық-зерделеу бағалық анықтамасына сәйкес, нарықтық бағасы 914 361 000 теңгені құрайды.
Сату аукцион 2024 жылдың 18 қазан күні сағат 11.00-де электронды веб-порталда E-qazyna.kz,www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша өтеді.
Сату объектісін бөліп төлеу арқылы сатуға рұқсат етіледі. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасының он бес пайызынан кем, ал бөліп төлеу мерзімі 18 айдан аспауы керек.
Алғашқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде төлейді. Кейінгі сомаларды енгізу кезінде сатушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізінде әлі төленбеген сомалар бойынша сыйақыны есептейді. Кейінгі төлемдер ай сайын жасалуы керек.
Сатушы «ТаразЭнергоОрталық» АҚ, телефон: 8 (7262) 43-26-46; орналасқан жері: Тараз қаласы, Сыпатай Батыр көшесі, 8 үй.
Өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанша аукционды өткізу шартымен, керекті құжаттармен электронды веб-порталда www.gosreestr.kz адресі бойынша танысуға болады.
Кепілдеме жарна, бастапқы бағаның 15 пайызы, «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ есепшотына төленеді (БСН 050540004455, ИИК KZ946017111000000330 «Народный банк Казахстана» АҚ, БИК HSBKKZKX, КНП 171, Кбе16).
Хабарлама жарияланған күннен бастап www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша қатысушылар тіркеуден өтіп және өтінімдер қабылданып, аукционға екі сағат уақыт қалғанда қабылдау тоқтатылады. Аукционға тіркеуден өткен және кепілдік жарнаны төлеген тұлғалар ғана қатысады.