Әлеумет

Ақша-несие саясатын жетілдіру – экономиканың негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою мәселесіне толығырақ тоқталып, өзінің тапсырмалары мен ұсыныстарын жария еткен болатын. Жолдауда айтылғандардың мақсат-мүддесін анығырақ түсіндіру үшін экономика ғылымдарының кандидаты, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті Мұрат Жұмаділдаевтың пікірін сұрадық.