Жаңалықтар

Халықтық штаб: АЭС жобасының пайдасы мен қауіпсіздігі

Қазақстандықтарды алдағы қазан айында маңызды кезең – референдум күтіп тұр. Осылайша, АЭС дүбірі бізге де жетті. Атом электр стансаларын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелерінің сөзіне сенсек, бейбіт атом – ел экономикасының өсіміне оң әсер тигізетін сенімді және тұрақты энергия көзі. Олардың пайымдауынша, АЭС жобасының аясында өнеркәсіп дамып, жаңа жұмыс орындары құрылады әрі қарапайым халықтың әл-ауқаты артады. Тіпті, АЭС құрылысы жүретін өлкенің инфрақұрылымы жетіліп, аймаққа мультипликативті әсерін береді. Сонымен қатар, АЭС-тің пайдалануға берілуі – елдегі ядролық технологияның дамуына да серпін сыйламақ. Нәтижесінде, көмірсутегі экспортына деген тәуелділік төмендеп, елдің энергетикалық тепетеңдігін әртараптандырудың реті келеді.

Бүгінде атом энергетикасы төңірегінде алыпқашпа әңгіме де, нақты дәйекке негізделген тұжырым да жетерлік. Арасынан ақиқатын ашып алу оңайға соқпасы анық. Дүниежүзілік ядролық қауымдастық таратқан мәліметке көз жіберсек, өткен жылдың қарашасы мен осы жылдың қаңтар айлары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея , Швеция, Ұлыбритания мен АҚШ елінде онлайн-сұрау жүргізілген екен. Бәрі де атом энергетикасын айрықша қолдаған, әсіресе Польша, Франция мен Швециядағы қолдау көрсеткіші өте жоғары болған. Бейсенбі күні Тараз қалалық №2 емхананың ұжымына жобаның пайдасымен қауіпсіздігін түсіндірген Халықтық штаб мүшелері атом энергетикасын пайдаланудағы дамыған елдердің тәжірибесін және АЭС-тің қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде жан-жақты сөз етті. Іс- шараға қатысушылар өз еліміздің болашағын өзіміз таңдай алатын мүмкіндік ретінде әр қазақстандықтың алдағы референдумға қатысуының маңызына баса назар аударды.

Сондай-ақ, бұл күні жиналғандар атом энергетикасын дамытудың заманауи әлемдік трендтерін талқылап, елімізде бейбіт атомды дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыс туралы айтты. Жиын соңында штаб мүшелері медицина саласының қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Ал, «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен өткен кездесуде алдағы референдумға халықты жұмылдырудың маңызы атап өтілді. Штаб мүшелері өз сөздерінде қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы рөліне тоқталып, жиналғандарды референдумға қатысуға шақырды.

АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штаб мүшелері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалының қызметкерлерімен кездесуде 6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екенін баса айтты. Әңгімелесу барысында олар АЭС салынған жағдайда еліміздің экономикалық жағдайы қалай өзгеретінін де жеткізді. Сөздерінше, мұндай стансаның ұзақ уақыт жұмыс істеуі электр энергиясының тұрақты тарифін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, олар Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық бойынша міндеттеме қабылдағанын еске салды. Яғни, көмір технологиясымен өндірілетін барлық тауарға қосымша салық салынады. Демек, АЭС құрылысы қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілетін күшейтеді. Жиын соңында жиналғандар энергетикалық проблемаларды шешу және тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі атом энергетикасының маңызын түсініп, АЭС құрылысына толық қолдау білдірді. Олар атом стансасы құрылысына дауыс беруге ниетті.

Тараз қалалық №6 емхананың ұжымымен кездесуде облыстық штаб мүшелері мамандарды даярлау, атом құрылысы және халықаралық шарттар туралы пікір алмасты. Айтуларынша, атом энергетикасы саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар өскелең ұрпақты жоғары білікті мамандар ретінде тәрбиелеуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Бұл Қазақстанның ғылым мен технология саласындағы әлеуетін арттырып, білім беру сапасын жақсартады. Жалпы, жиында АЭС құрылысының болашағы және оның ел өміріндегі маңызы туралы егжей-тегжейлі айтылды. Бұдан бөлек, жаһандық энергетикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның экологиясы мен болашағы мәселесіне ерекше назар аударылды.

Шын мәнінде, қазіргі таңда электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал, бұл мәселе уақтылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе, тапшылық жыл сайын өсе бермек. Осы ретте Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бастамасы экономикалык тұрғыдан ең тиімді шешім екені сөзсіз. Оның үстіне, алдағы oнжылдықтa әлeмдe энepгeтикa сaлaсындa жaғдaй күpдeлeнуі бек мүмкін. Бүгінгі күннің өзіндe eліміздe энepгияғa дeгeн сұpaныстың apтуы уaқыт өткeн сaйын apтпaсa, aзaймaй отыр. Өйткeні, тaбиғи өсім мeн экoнoмикaның дaмуы энepгияғa дeгeн тұтынушылықты ұлғaйтып келеді. Сoндықтaн, 100 жыл бoйы жeлдің күшінe, күн бeлсeнділігінe тәуeлді eмeс, энepгия aлудың тұpaқты әдісі – AЭС жoбaсы.

Кеше үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездескен облыстық Халықтық штаб мүшелері осындай деп тұжырым жасады. Көпшілікті референдумға белсене қатысуға шақырған олар жиын барысында көпшілікпен бірге ел таңдауына түскен ұсыныстың мән-маңызы талқыланды. Сондай-ақ, мұнда Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттер баяндалып, референдумның маңыздылығы баян етілді.

 

Есен ӨТЕУЛІ