Жаңалықтар

Тараздық ҚАЖ қызметкеріне алғашқы офицер шені табыс етілді

Сот шешімінің негізінде кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылғандардың тәртібін және олардың қоғамға қайта бейімделуін қамтамасыз ететін тараздық ҚАЖ қызметкерлерінің қатары жас офицермен толықты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Дәлірек айтқанда, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің қызметкері Елнұр Бақтиярұлы лейтенант шенін алды. 

Айта кетейік, жас жігіт өткен жылдың маусым айынан бастап аталған мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы болып қызмет атқарады.