Жаңалықтар

Назар аударыңыз!

«ЖАМБЫЛ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІ» ЖШС ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП, ОЛАРДЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ОРЫН АЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ МАҚСАТЫНДА ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ 28.09.2017Ж. №330 БҰЙРЫҒЫМЕН «ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КҮЗЕТ АЙМАҚТАРЫН ЖӘНЕ ОСЫНДАЙ АЙМАҚТАРДЫҢ ШЕКАРАЛАРЫНДА ОРНАЛАСҚАН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕ ШАРТТАРЫН БЕЛГІЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ» БЕКІТІЛГЕНІН ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН МЕКЕМЕ, ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕРІНЕ САЛАДЫ.

Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.

Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:

1) кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 метрден (бұдан әрі – м);

2) кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;

3) 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес;

4) 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес;

5) 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес;

6) 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес;

7) 330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес;

8) 1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес.

Электр желілерінің күзет аймақтарында «ЖЭЖ» ЖШС жазбаша келісімінсіз

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

- Ғимараттар мен құрылыстар салу, күрделі жөндеу, реконструкциялау немесе бұзу.

- Барлық түрдегі тау-кен, жүк тиеу-түсіру, түбін тереңдету, топырақ алу, жарылыс және мелиораторлық жұмыстар атқару, тал-дарақтар мен бұталар отырғызу, кесу, дала қостарын орналастыру, мал қамайтын орынға айналдыру, жүзімдіктер мен бақтарды қоршайтын сым қоршаулар, тор темірлер орнату, сондай-ақ арнайы көліктердің өтуіне кедергі келтіретін арналар арқылы ауылшаруашылық дақылдарын суару;

- Жүк тиелген немесе тиелмеген қалпында жол мен жердің бетінен жалпы биіктігі 4,5 метрден асатын машиналар мен механизмдерді жүргізу;

- Тереңдігі 0,3 метрден асатын тереңдікте жер қазу жұмыстарын атқару, жер жырту аймағында 0,45 метрден асатын тереңдікте жұмыс жүргізу және топыраққа қатысты жоспарлау әрекеттерін орындау;

- Автокөліктерге жанармай құю бекеттері мен өзге де жанар-жағармай қоймаларын орналастыру;

- Жанғыш заттарды сақтайтын, түрлі қоқыс төгетін орынға айналдыру, от жағу, өсімдіктерді өртеу;

- Спорттық ойын алаңына, көлік түрлерінің тұрағына айналдыру, адам көп жиналатын іс-шаралар өткізу;

- Батпырауық, әуе шарлары, ұшу аппараттарының спорттық үлгілерін ұшыру, қармақпен, спиннингпен балық аулау;

- Желі сымы мен бағаналарға бөгде заттарды жақындату, іліп жалғау, бағанаға шығу және салбыраңқы сымдарға жақындауға болмайды.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Күзет аймағында атқарылатын барлық жұмыстарды «ЖЭЖ» ЖШС келісімімен және осы мекеме өкілінің қатысуымен ғана жүргізуге рұқсат етіледі.

Осы Қағидаларды сақтамаған лауазымды, заңды және жеке тұлғалары үшін ҚР заңнамасына сәйкес материалдық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де жауапкершілікке тартылады.

БАРЛЫҚ СҰРАҚТАР БОЙЫНША ХАБАРЛАСУ:

- Тараз қаласы бойынша – Тараз қалалық электр жүйесі, Сыпатай батыр көшесі, 5А.,

тел: 901 228, 901 294, 901 296.

- аудандар бойынша – жергілікті электр тарату мекемелері, сондай-ақ «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС, 901 074, 901 112.