Аймақ

Аймақтың әлеуметтік дамуы жоғары

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі саналады. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық жиында бұл бағытта жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың жайы айтылды. Басқосуда облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева аймақтық экономикалық өсімі жайында баяндады.

Басқарма басшысының сөзінше, қаңтар-тамыз айлары аралығында облыстың экономика лық өсімі 104,1 пайызды құраған.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірде бұдан өзге мал шаруашылығы, инфрақұрылым саласы, сауда айналымы, көлік қызметтері бойынша дамудың оң динамикасы байқалып отыр.

Сонымен бірге, аппаратық жиынның күн тәртібінде «Ауыл – ел бе сігі» жобасы аясында іске асып жатқан жұмыстар жайы да қаралды. Еске сала кетсек, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында 2019 жылдан бастап елімізде «Ауыл–ел бесігі» жобасы іске асырылып келеді.

Аталған жоба әлеуметтік салада білім, денсаулық, мәдениет және спорт нысандарының, коммуналдық шаруашылық саласында сумен, жылумен, газбен және электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын, қайта жаңғыртуды және күрделі жөндеуді, ауылішілік көшелерді жарықтандыру және орташа жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды көздейді. Облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның сөзінше, 2019- 2023 жылдары «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 167 ауылдық елді мекенде 48,6 миллиард теңгеге 755 жоба қаржыландырылған. Ал, биылғы жылы жоба аясында 51 нысан құрылысы, 6 нысанға күрделі,178 нысанға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, күні бүгінге дейін 128 жоба пайдалануға берілген.

Өз сөзінде аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жыл соңына дейін белгілеген экономикалық міндеттер мен межеге қол жеткізу үшін жауапты органдар тарапынан жұмыстардың жүйелі жүзеге асырылуы керектігін баса айтты.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы өңірдің даму көрсеткіштерінде оң динамиканы қалыптастыру бағытында құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге пайдалануға берілу керектігін, бюджет қаражатын жоспарлы игеру мақсатында жан-жақты шаралар қабылдануы қажеттігін айтып, жауаптыларға аталған мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Нұрболат АМАНБЕК