Назар аударыңыз!
Ағымдағы жылғы 23-27 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының аумағында Қорғаныс министрлігінің үйлестіруімен «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу күрделіліктің әртүрлі элементтері бар нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Осыған байланысты, азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шаралары мен тыныштықты сақтауға және де мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуға шақырамыз.