Жаңалықтар

Таразда 1000-ға жуық ағаш отырғызылды

Жамбыл облысында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1000-ға жуық терек ағашы отырғызылды.

Акция Ы.Сүлейменов көшесінен «Ұлы дала» шағынауданына өтетін жолдың бойында ұйымдастырылды.

Игілікті іске облыс, қала әкімі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық экология департаменті, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, жастар, жеке кәсіпкерлер және ардагерлер белсене қатысты.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев акцияға қатысқан азаматтарға алғыс білдірді.

Аймақ басшысы Тараз қаласы әкімдігіне абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі жүргізуді міндеттеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.