Сән әлемінің сеңін бұзған сұлу
Адамзат тарихындағы ең ықпалды 100 адамның қатарына кірген, ХХ ғасырдың сән әлеміндегі ең атақты әйелдердің бірі – Коко Шанель. Француз ханымы әйел затына жай киінуді ғана емес, киімге қатысты жаңа көзқарас қалыптастырып, сән саласында үлкен төңкеріс жасады. Көптеген адамдар Coco Chanel-ді тек бренд ретінде біледі, бірақ осы сән әлемінің негізін қалаушы адам жайлы біле бермейді.
Шын мәнінде, оның өмірге келгенде қойылған шынайы есімі – Габриэль Бохнер Шанель. Ол кішкентай француз қалашығында кедей отбасында дүниеге келген. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін сіңілісімен бірге балалар үйіне баруға мәжбүр болады. Бұл кезде Коко 12 жаста еді. Балалар үйінде ол тігуді үйренді және тігіншілік қабілеті оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Коко балалар үйінен кеткен кезде шағын кафелерде ән айтуына тура келген. Оның репертуарындағы екі әнге қарап, халық оны «Коко» деп атап кетеді. Көп ұзамай Коко есімі бәріне таныла бастады, ал шын есімі ұмытылып кетті.
Біз білетін Коконың сән әлеміндегі жолы әйелдер қалпағын тігуден басталған. Коко әншілік мансабымен айналысқысы келмейтінін түсініп, Мулинсқа көшеді. Онда ол өзінің алғашқы махаббаты Этьен Балзанмен кездесті. Этьен Коко өнерінің алғашқы табынушысы болды және іс жүзінде өз сән бизнесін бастауға көмектесті. Тігін шеберлігі мен талғампаздығының арқасында Коко барлық әйелдердің арманындағы қа лпақт арды жас ай баст ады. Париждегі Cambon Street-те өзінің алғашқы дүкенін ашты. Коко бірнеше жыл бойы бас киімдер тігумен айналысып, Парижде бірнеше дүкен ашты, содан кейін коллекцияға киім- кешектер қосқан. Алайда, Шанель өзінің сән империясына толығымен ие болмады. Бүгінгі күні брендке 100 пайыз иелік Коконың іскер серіктесі Вертхеймер отбасына тиесілі.
1900 жылдардың сәні сәнгер үшін өңсіз, сұрықсыз көрінді. Ол сол сәттегі сәнді өзгеше көзқараспен көрді. Коко ең алғаш шалбарды қоғамдық орынға киіп, революция жас ады. Ол сондай-ақ сәнді материалдардан жасалған әйелдер киімінен қалған ескі трикотаждан киім жасаған алғашқы дизайнер және оның киімдері бірден танымал болды. Коко алғаш рет тізеден келетін белдемшені ойлап шығарып, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Ол өзінің стиліне ерлердің элементтерін қосып, сол кездегі әйелдерден ешкім күтпейтін бейнелер жасаған.
1920 жылдары оған қара түсті киім жасау идеясы келді. Киноиндустрияда кейіпкерлердің барлығы қара көйлектер киіп, Коко Шанельдің есімін танымал ете түсті. 1925 жылы ол әлемге танымал, классикалық Chanel костюмын таныстырды. Осылайша Коко жүздеген жылдар бойы қатып қалған сеңді бұзып, жаңа туындылар жасады. Алайда, алдымен бұл киімдер қоғамда қызу сынға ұшыраған еді.
Біз ұстап жүрген бауы бар «Шанель» сөмкелері де Коко Шанельдің туындысы. Кәсібіне адал Коко Шанель 30 жыл бойы Париждегі Ritz қонақ үйінде тұрған.
1919 жылы хош иісті әтірлердің ең а лғашқы үлгісі жас а лды. Алайда, ресми шығарылым 1925 жылы басталды. «Chanel әтірлерін» Вертхаймерлер отбасы қаржыландырған. Шанельге қатты ұнаған осы хош иістің бесінші нұсқасы болатын. Chanel №5 хош иісі тегіннен осылай аталмаған. Себебі «5» санын Коко Шанель «ең сүйікті саным» деп есептеген. Оның өміріндегі көптеген жетістіктер осы 5 санымен байланысты екен. Chanel №5 хош иісінің атағы, әсіресе, Мэрилин Монроның жарнамасынан кейін арта түскен. Бүгінгі таңда, «Chanel N5» әлемде ең жақсы сатылатын әтір болып саналады. Қазір әлемде 30 секунд сайын оның бір данасы сатылып жатады.
Коко Шанельдің мансабында 15 жылдық үзіліс болған. Коко Шанель 1938 жылы сән әлеміндегі мансабын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады және ол 15 жыл бойы шығармашылығынан қол үзеді. Дизайнер Кристиан Диор мен Кристобаль Баленсианның танымалдығы артып тұрған сәтте, 1954 жылы өзінің костюмі мен басқа да туындыларының жаңартылған нұсқасымен сән үйін қайта ашып, АҚШ пен Британия нарығын жаулап алды.
Назерке ОҢҒАР,
журналист.