Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
Жуырда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында орын алған жол-көлік апаты кезінде көзсіз ерлік танытқан Мәди Әлиевтың жанқиярлық іс-әрекеті әлеуметтік желіде көпшіліктің оң бағасын алды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
QAZAQSTAN ұлттық арнасының «Жақсылық жаса» бағдарласамына осы оқиғаның куәгері Мәди Әлиевтің жұбайы Қарашаш Сыздықова келіп, мән-жайды баяндады.
Мәди Әлиевтің айтуынша, бәрінен де көліктен балалардың әкесін шығару қиынға түскен, себебі ол көліктің алдында отырған.
Мәди Әлиев «Бурылбайтал» орман шаруашылығы мекемесінде орманшы болып жұмыс істейді. Өнегелі отбасы бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.
Айта кетейік, Ұлттық арнаның жаңа маусымында көрермендерге жол тартқан «Жақсылық жаса» жобасы «Qazaqstan» арнасынан әр жұма сайын 21:25-те тікелей эфирде өтеді.