Хабарландыру

ҚАЖД мекемелерінде оңалту жұмыстары жүргізілуде

«Komek.demeu.kz» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында сотталған діндарларды оңалту мақсатында 10 маманмен келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт бойынша шақырылған мамандармен аптасына 1 рет, айына 4 рет, 7 айда 28 рет кездесу ұйымдастырылады. Әр маман кездесулер бойынша сотталған діндар азаматтардың портреттерін, қандай діни ағымды ұстанғанын, кімнің уағызын тыңдайтынын, қандай кітап оқитынын анықтауда.

Сонымен қатар, жоба аясында 16 қыркүйек күні исламтанушы, ғалым, ұстаз Ризабек Батталұлы шақырылды.Ол №158/4 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Назима ЮЛДАШОВА,

«Komek.demeu.kz» қоғамдық қорының президенті.