Жаңалықтар

Ақтауда қоқыс контейнері маңынан 30 жастағы спортшының өлі денесі табылды

Ақтау қаласында аралас жекпе-жек файтері Вусал Джафаровтың денесі табылды, - деп хабарлайды aqjolgazet.kz жергілікті Lada.kz.-ке сілтеме жасап

Басылымның жазуынша, спортшының мәйіті 20 қыркүйекте қоқыс контейнерлерінің жанынан табылған. Суреттен марқұмның денесі қарайып, қатты ісініп кеткенін анық көруге болады.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген ведомствоның ресми мәліметінде.

Ашық дереккөзде Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келгендігі айтылады. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңіліс тапқан.