Жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанды

Бүгін қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев кезекті рет әке атанды, деп хабарлайды aqjoolgazet.kz

Cүйінші хабарды әншінің жары Мархабат Бесбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті.

 «Сүйінші, аман-есен босанып алдым. Қалай ойлайсыздар, қыз ба, ұл ма!?",- деп жазды Мархабат Бесбаева оқырмандарынан сүйінші сұрап.

Айта кетейік, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылының тумасы, «МузАрт» триосының солисі Мейрамбек Беспаевтың Кәусар және Әбухайыр есімді бір ұл, бір қызы бар.