ҚАЖ қызметкеріне пәтер кілті табысталды
Бүгін Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында жалпы 240 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Салтанатты шарада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қоныс той иелерін қуанышымен құттықтап, баспана кілтін табыс етті.
Пәтерге ие болу бақыты бұйырған жандардың арасында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің бастығы, әділет капитаны Бахтияр Махатов та бар.
Айта кетейік, Бахтияр Қанатұлы 2008 жылдың сәуір айынан бері құқық қорғау органында қызмет етіп келеді.
Есен ӨТЕУЛІ