Денсаулық

Тұмауға қарсы екпе салу басталды

Халық арасында «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген сөз бар. Расында, науқастанып емделу адам ағзасын да әлсіретеді. Аурудың алдын алып сақтанып, түрлі сыртқы кері әсерлерден қорғану үшін салауаттылық салтын ұстану әлдеқайда ұтымды. Дерттің алдын алудың тағы бір жолы – вакцина ектіру. Биыл тұмауға қарсы екпе салу қыркүйектің 15-інен басталды.

Кез келген тұрғын өзінің тұрғылықты мекенжайына қарай тіркелген емханасына барып, екпе салдыра алады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тәуекел топтарын егуге 123 мың доза тұмауға қарсы вакцина сатып алыныпты. Тұмауға қарсы екпе алғаннан соң вирус жұқпайды, мүлдем ауырмайды деуге болмас. Тек, ағзаның аурумен күресуге қабілеттілігі күшейіп, сырқат жеңіл өтеді. Сондықтан, дерттің алдын алған жөн.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА