Жасанды интеллект емдеу ісіне енгізілуде
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана халыққа арнаған Жолдауында «Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек» дей келіп, цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін еместігін айтқан болатын. Облысымызда медициналық қызметтің цифрландырылуы, интернетпен қамтылуы қандай жағдайда екенін саралап көрдік.
Бүгінде облыстың медициналық ұйымдары 3 медициналық ақпараттық жүйемен жұмыс істейді. Облыстық қан орталығы «Инфо-Донор» ақпараттық жүйесімен, медициналық жедел жәрдем станциясы «Kөмек» автоматтандырылған басқару жүйесімен, мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдар «Damumed» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қызмет көрсетіп отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі E-Health ядросының бірқатар сервистерін ұсынған, олар бойынша «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарапынан жұмыс жүргізіліпті. Атап айтсақ, «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін сырттай көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосу үшін «Damumed» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен интеграциялау, яғни 031/у медициналық анықтамасын беру және 027/у, 038/у, 069/у, 073/у, 075/у медициналық анықтамалары, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша «Damumed» КМАЖ интеграциялау бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Медициналық ұйымдардың дәрігерлері аталған анықтамаларға «Damumed» КМАЖ-де электрондық цифрлық қолтаңбаларын қойған соң науқастар алған анықтамаларын eGov mobile мобильді қосымшасындағы eDensaulyq қызметінен ала алады.
Биылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша МСАК ұйымдарында бекітілген халық саны – 1174946. Электрондық денсаулық паспорттарының негізгі ақпараттың барлық тармақтары бар халық саны – 1001079. МСАК ұйымдарында электрондық денсаулық паспорттарын қалыптастыру және толтыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Басқарманың базасында 2023 жылғы ақпан айынан бастап 87000500808 Call-орталығы жұмыс істейді. Call-орталық азаматтардың құқықтарының бұзылуын жою және қажет болған жағдайда, оның ішінде «Осында және қазір» қағидаты бойынша сапалы медициналық көмекті уақтылы көрсету бойынша кері байланыс беріледі. 2024 жылғы 6 айында 1575 қоңырау қабылданып, азаматтармен қалдырған өтініштеріне медициналық ұйымдарының құрылған «Науқастарды қолдау қызметі» кері байланыс жасап, мәселелер өз шешімін тапты. Басқарма басшысының міндетін атқарушының 2023 жылдың 29 қыркүйегіндегі №402-ө бұйрығымен Жамбыл облысында «Әлеуметтік әмиян» қызметіндегі «Дәрі-дәрмек» жобасы іске асырылды. Пациенттер тегін берілген дәріні қағаз түріндегі рецептсіз электронды түрде eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» қызметінде рецептті QR-код көрсету арқылы МСАК ұйымның дәріханасынан алуына болады.
Басқарма басшысының биылғы №38-ө бұйрығымен «Дәрілік заттарды қадағалауды автоматтандыру» жобасы облыста кеңінен енгізіліпті. Осы бұйрықпен медициналық ұйымдардың бас дәрігерлеріне тапсырылған шараларға да тоқтала кетейік. Қолданыстағы Есеп жүйесін (1С бухгалтерия), қолданыстағы Медициналық ақпараттық жүйесімен (Damumed), Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесімен (ЕФИС), Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесімен интеграция жұмыстарының жүргізілуін, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне (ИС МПТ), ismet.kz платформасына (ИСМЕТ) және Таңбалаудың электрондық құжат айналымы орталығына (ЦЭДМ) тіркелуін атқару керек. Сондай-ақ, дәрілік заттарды қадағалау үшін 2D сканерлерді сатып алу да жүктелген.
Облыс бойынша дәрілік заттарды таңбалауға 63 медициналық ұйым қатысады. Оның ішінде 32-сі басқармаға қарасты болса, 15-і жеке емханалық медициналық және 16-сы жеке стационарлық медициналық ұйым. Барлығы толықтай «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Барлығы 2D сканермен қамтылған.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражаты жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, «Damumed» КМАЖ-де «Емделушілердің кері байланысын бақылау» модулі жұмыс жасайды. «Damumed» мобильдік қосымшасы арқылы әрбір азамат өзінің алған медициналық қызметінің қосып жазылуын көрсе, ол туралы пікір қалдыра алады. Мысалы, «Ол менің қабылдауым емес» деп. Бұл пікірлер бойынша қосып жазулар анықталса Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымды әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.
Облыста Kometa Damumed PACS және PACSCENTER PACS жүйелері жұмыс істейді. PACS жүйені 30-дан астам медициналық ұйым енгізді. Басқарма басшысының биылғы №116-ө бұйрығымен GE HealthCare шешімдері мен өнімдері базасында жоғары технологиялы диагностикалық медициналық жабдығының жаңа өндірісі мен Қазақстан Республикасының медициналық бейнелерінің орталықтандырылған вендор-бейтарап архивін құру бойынша инвестициялық жобасы облыста енгізілді. Жоба шеңберінде медициналық ұйымдары PACS жүйесімен медициналық жабдықпен, яғни КТ, МРТ, рентген, маммограф, флюорографта түсірілген бейнелерін орталықтандырылған вендор-бейтарап құрылған архивке жіберу жоспарлануда.
Жобаны облыста іске асыру үшін тәжірибелік апробацияға облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Тараз қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы, Байзақ аудандық орталық ауруханасы, Меркі аудандық орталық ауруханасы айқындалды, – дейді Толқын Өмірбаева.
Айта кетейік, Smart ЭКГ №5 Тараз қалалық емханасында, облыстың барлық аудандық орталық ауруханаларында және Шу қалалық емханасында жұмыс істейді. Жасанды интеллектті енгізу қорытындыны автоматтандыруға және барлық параметрлерді есептеуге, функционалды диагностиканы толық қамтуға мүмкіндік береді. Биылғы 5 айда 16337 бейне түсіріліп оқылған. Ал, 6 айдың қорытындысында 79697 қашықтықтан кеңес көрсетілген. Сонымен қатар, 751 телемедициналық консультация берілген.
Қамар ҚАРАСАЕВА