Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің келісімі негізінде Балаби Түменбаев өңірлік кадр резервіне ілініп, жеңімпаз қатарында болып, конкурссыз аудан әкімінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №142 ө ж/қ өкімімен Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.
Балаби Әлібиұлы 1993 жылы туған, білімі – жоғары. 2015 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Мұнай-газ ісі» және 2020 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған. Әр жылдары Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің хатшысы, бас маманы, Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы, бас инспекторы, басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2023 жылдың шілдесінен бастап, Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
«Aq jol – Аqparat».