Жаңалықтар

Жерлестеріміз мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен атлеттердің жаттықтырушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, алтын медаль иегерлері Давид Дегтярев І дәрежелі «Барыс» орденімен, Ақмарал Науатбек ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Күміс медальға қол жеткізген Еркін Ғаббасов, жерлесіміз Нұрдәулет Жұмағали және Ерғали Шәмей «Парасат» орденінің кавалерлері атанды. «Құрмет» орденімен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дастан Мұқашбеков, Зарина Райфова, Даяна Федосова және Жұрқамырза Шүкірбеков марапатталды.

Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа «Парасат» ордені, 7 адамға «Құрмет» ордені берілді. Сонымен қатар, екі жаттықтырушы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен наградталды.

 

«Aq jol – Аqparat».