Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, он жетінші сессиясы 2024 жылдың 25 қыркүйек күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
1. Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
2. Жергілікті автомобиль жолдары мен қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы.
3. Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
4. Әртүрлі мәселелер.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2024 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2024 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10.30-да өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, он жетінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Абдалы НҰРАЛИЕВ,
облыстық мәслихаттың төрағасы.