Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар қызметкері лауазымынан босатылды
Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар лауазым иелері қызметінен босатылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
«Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды; Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды», - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.