Жаңалықтар

«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.04.2020 №178 бұйрығымен «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бекітілген мемлекеттік қызмет облыстардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Жамбыл облысы әкімінің 30.05.2023 №97 қаулысымен облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының ережесіне толықтырулар енгізіліп, ендігіде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттар беруді және бақылау мен қадағалау жұмыстарын жүргізеді.

Бұйрықтың негізінде, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі келесідей тәртіппен жүзеге асырылады:

Заңды тұлғалар – құрылыс салушы және уәкілетті компания мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы: «www.egov.kz», «www.elicense.kz» не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы мынадай құжаттарды береді:

екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;

2) құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі;

3) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне акті («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);

4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы.

Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;

2) салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады;

3) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне акті («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);

4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы.

5) көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебі;

6) инжинирингтік компаниямен шарт.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті беруші құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады. Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңда көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға (көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жарнамасын жүзеге асыруға) тыйым салынады.

Үлескерлердің ақшасын тартуды уәкілетті компания облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасының рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Үлескерлердің ақшасын заңсыз жолмен алып, қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері жиі орын алуда. Осыған орай облыста алдағы уақытта әлеуметтік шиеленіс ошағын тудырмау мақсатында тұрғын үй құрылысын салушыларға бақылауды күшейту, қадағалау талаптарын (жылжымайтын мүлікті сату бойынша krisha.kz. instagram әлеуметтік сайттарында жоғарыда аталған құрылыс нысандары бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді сату туралы жарнама) облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы жүргізетін болады.

Жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен құрылыс нысанын салу барысында, «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алмаған және әлеуметтік сайттарда көппәтерлі тұрғын үйлерді сату бойынша жарнамалау жұмыстарын жүргізген жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 320-бабына сәйкес, сот органының шешімімен айыппұл салуға алып келеді.

Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда мына мекенжай бойынша (Төле би №35а, байланыс нөмері: 8 (7262) 43-78-80, 43-47-82) ақпарат алуға болады.

 

Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,

облыс әкімдігі сәулет және қала

құрылысы басқармасының басшысы