Жаңалықтар

Экономиканың тірегі – энергия

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауларының бірінде «Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дəйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба, мұны халық шешеді», – дегені бар еді. Сол халықтың бірі – мен.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта Қазақстанның
экономикасын дамытуға пайдалану туралы шешімінің арғы жағында еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы, экологиялық мәселелерді шешудің жатқанын ескерген жөн.

Электр қуатын тұтынудың кейінгі жылдары еселеп артып бара жатқанын, болашақта оған деген тапшылықтың күшейе түсетінін мамандар ескертумен келе жатқаны баршаңызға
белгілі. Сондықтан, бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет. Ал, атом энергиясы үздіксіз энергия өндірудің жалғыз ғана көзі ретінде көреген ғалымдармен, білікті мамандармен мойындалған. Себебі, АЭС генерацияның барлық түрінің ішінде көміртек
қалдығын ең аз мөлшерде қалдыратын энергияның баламасы саналады.

Осы себепті, жуық арада энергетикалық дағдарыс орын алатынын, жаңартылатын энергия көздерін, жел жəне күн стансаларын дамытумен қатар атом энергетикасын жетілдіру қажеттігін ескерген жөн. Мысалы, Чехияда алты, Бельгияда бес атом реакторы жұмыс істесе, Швейцария төрт реактордан өндірілетін атом энергиясын пайдаланады. Атом электр стансасын салу еліміздің солтүстік, оңтүстік жəне батыс
аймақтарын энергиямен қамтуға мол мүмкіндік бермек.


Жалил АББОСОВ,
облыстық «Ахыска»
түріктер этномәдени
бірлестігі төрағасының
орынбасары