Жаңалықтар

Паралимпиада жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиге құрмет көрсетілді

Париж өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиді жамбыл жұртшылығы ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бүгін төрт жылдықтың басты додасында топ жарған жампозды жерлестері Тараздағы әуежейдан сән- салтанатымен қарсы алды. Бұдан соң, салтанатты іс-шара Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында жалғасын тапты.

Жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, Паралимпиада жүлдегерін құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде Нұрдәулет Жұмағалидің қажырлы еңбек жолын өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, су жаңа «Tayota camry 75» маркалы автокөлігін және 2 бөлмелі баспананың кілтін табыстады. 

Сонымен қатар, Паралимпиада жүлдегерінің бапкеріне «Haval» жол талғамайтын темір тұлпаржы тарту етті. 

Айта кетейік, Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасында 100 метрге брасс  әдісімен жүзуден күміс медаль жеңіп алды. Ол финалға дейінгі іріктеуде Азия рекордын орнатқан еді. 
Спортшы өз мансабында екінші рет Паралимпиада жүлдесін алып отыр. 

Еске салайық, Токио ойындарында қазақстандық спортшы қола медаль иеленген болатын.