Қарыштап даму үшін қажет
Біз еліміздегі ұлттық және экономикалық жағдайларымызды ескере отырып, заман талабына сай келешекке ұмтылуымыз керек. Дамыған мемлекеттер қатарына енуіміз үшін болашақта ойлап әрекет ету – міндетіміз. Себебі, экономика алға жылжыған сайын көп энергиялық қуат керек екені даусыз. Ол үшін атом энергиясы саласын дамытудың маңызы жоғары деп білемін.
Мен электр саласының маманы емеспін. Дегенмен, қарқынды даму энергия көздерін көп қажет ететінін білемін. Сондықтан атом электр стансасын салу – уақыт талабы. Өз басым осылай ойлаймын. Себебі, атом электр стансасы тұрақты жұмыс істеп тұратын энергия көзі. Атом энергетикасы – ғылым мен білімнің жоғарғы технологиясының дамыған қажеттілігі. Бұл – экономикалық дамудың оң шешімі деп ойлаймын.
Сондықтан, Ресей, Америка құрама штаттары, Франция, Қытай, Жапония, Белоруссия атом электр стансасы қуатын пайдалануда. Бізге де энергия қажеттілігі үшін осы жол керек. Осы жолдың адастырмайтыны анық. Біздердей ақсақалдар қай кезде де елдегі саяси, рухани мәселелерге назар аударып отырамыз. Себебі, елдің болашағы біз үшін қымбат. Жас ұрпақтың болашағына сеніммен қараймыз. Жас ұрпақ жарқын өмір сүру үшін, қалаған деңгейде энергия күштерін пайдалану үшін атом энергиясы аса қажет. Еліміздің болашағына қатысты нәрселерге бейжай қарай алмаймын. Сондықтан, аталған күні референдумға барып, өз таңдауымды жасаймын. Ол таңдау – елдің болашағына жасалған таңдау.
Талғат ЖҰМАБЕК,
облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары.