Әлеумет

Аудиторлық кемшіліктер анықталды

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 28 тамызында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары негізінде аудит объектілеріне жолданған Тексеру комиссиясы нұсқамаларының орындалуына қатысты мәселелерді талқылау бойынша мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

Кездесуге Тараз қаласы әкімінің аппарат басшысы А.Тасеменов, қала әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары және бас есепшілері, «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Б. Манасов және жауапты мамандары қатысты.

Жиын барысында Сапаны бақылау бөлімінің басшысы Н.А.Ахметов Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілеріне жолданған нұсқамаларының орындалуы бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, аудит объектілері тарапынан жиі жол берілетін кемшіліктерге тоқталды.

Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы Б. Қасымбек өз баяндамасында есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың негізгі қорытындыларына және анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтарға назар аударды.

Тексеру комиссиясы есепті кезеңде бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне сәйкес жүргізілген 2 аудиторлық іс-шара бойынша аудит объектілеріне 14 нұсқама орындауға жолданған. Оның ішінде: «Тараз қаласында жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың және активтердің тиімді пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша – 11, «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыруға, жарғылық капиталды ұлғайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бағытталған бюджеттік кредиттер мен бюджет қаражатының, сонымен қатар активтердің тиімді пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша – 3 нұсқама.

ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының талаптарына сәйкес Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары нұсқамалардың орындалуы туралы ақпаратты мемлекеттік аудит объектісі және өзге де мүдделі тұлғалар растау құжаттарын қоса бере отырып, тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына тиісті құжаттарда көрсетілген мерзімдерде жіберуге міндетті.

Осыған қарамастан жекелеген аудит объектілері тараптарынан нұсқамаларды белгіленген мерзімдерінде орындамау немесе орындалуы туралы ақпарат ұсынбау фактілері кездеседі. Бұдан бөлек, Тексеру комиссиясының нұсқамалары талаптарын орындау бойынша жолдаған мәліметтері толық болмауына байланысты, олардан қосымша ақпарат сұрату қажеттігі туындайды. Мұндай жағдайлар өз кезегінде нұсқамаларды орындалуына байланысты бақылаудан алу немесе аудит объектілеріне байланыссыз себептермен орындалу мерзімін ұзарту бойынша дер кезінде шешім қабылдауға кедергісін тигізетіні сөзсіз.

Бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуы негізінен мемлекеттік аудит объектілері жауапты тұлғаларының тарапынан нормативтік-құқықтық актілері талаптарын өз деңгейінде білмеуі және мемлекеттік аудит объектілері басшыларының тарапынан қадағалаудың жеткілікті деңгейде болмауынан орын алғаны атап өтілді.

Бұл ретте Тексеру комиссиясының өз құзыреті шеңберінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшін 13 материал сот органына жолданып, 12 материал бойынша 575,3 мың теңге айыппұл салынды, 1 материал әкiмшiлiк құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің Тексеру комиссиясы нұсқамаларын орындау мақсатында кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоюға қатысты қабылдаған шаралары бойынша баяндамалары тыңдалды.

Кездесу барысында мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің сұрақтарына жауаптар беріліп, алдағы уақытта кемшіліктер мен бұзушылықтарды болдырмау үшін тиісті жұмыстар жүргізіп, қадағалауды күшейту тапсырылды.

 

Е.ӘЛІПБАЕВ,

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы.