Қате жазба өшірілді
Газетімізде журналист Қамар Қарасаеваның «Ақын өлеңіндегі өрескел қателік» тақырыбындағы мақаласына Тараз қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлбану Малибековадан жауап келді. Хат мәтінін толықтай оқырман назарына ұсынып отырмыз. Редакциядан
Тараз қаласының білім бөліміне қарасты №20 орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеу мердігер тарапынан мектеп ғимаратының сыртқы қасбетіне ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің балаларды білімге шақырған өлеңінен үзінді жазылып, өлең сөздерінің бұрмаланғандығы сол кездегі мектеп басшылығы тарапынан ескерілмеген.
Газет бетіне жарияланған мақаладан кейін тиісті жұмыстар жүргізіліп, ғимарат қасбетіндегі өлең үзіндісі өшірілді. Алдағы уақытта талапқа сәйкестендіріліп, қайта жазылатын болады. Мектеп басшылығына ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінділерді пайдалану кезінде олардың бұрмаланбауына қатаң мән беру керектігі ескертілді.