Жайлы мектептердің құрылыс барысын тексерді
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірге жұмыс сапарымен келген «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен бірге «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілетін білім беру нысандарының құрылыс алаңына барды.
Облыс әкімі мен Басқарма төрағасы Тараз қаласының «Бәйтерек» шағынауданындағы 1200 орындық, «Ұлы дала» шағынауданындағы 2000 және 1200 орындық жайлы мектепке барып, ағымдағы жағдайымен танысты.
Мердігер компания өкілдері құрылыс барысы туралы баяндады.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру – басты міндет екенін атап өтті.
Айта кетейік, Жамбыл облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 6 білім беру ошағының құрылысын аяқтап, балалар игілігіне беру көзделген.
Алғашқы жайлы мектеп 1 қыркүйек – Білім күні Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында есігін айқара ашты.
2025 жылы 6 жайлы мектеп салынады деп күтілуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.