Аймақ

Қауіпсіздік мәселесі шешілгені жөн

Еліміздің болашағы үшін АЭС Қазақстанға керек. Алайда, ол үшін бірінші кезекте халықты мазалайтын қауіпсіздік мәселелері жүйелі түрде шешілгені жөн.

Менің базалық білімім – физика. Кандидаттық және докторлық диссертациямды экологиялық білім беру, экологиялық тәрбие, жастардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениеттілігін қалыптастыру мәселелері бойынша қорғадым. Егер таразыға салып, АЭС-тың экологиялық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік, геосаяси артықшылықтарын сараптап қарасақ, АЭС болашағымыз үшін керек. Себебі, ұлттық экономикамыздың дамуы энергиямен толық қамтамасыз етілуімізге байланысты. Әрине, осы орайда ең әуелі қауіпсіздік шаралары ескерілуі керек. Себебі, халықты толғандыратын ең негізгі мәселе осы деп ойлаймын.

 

Махметғали САРЫБЕКОВ,

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.