Мәдениет

Жетпіс жылдан астам сақталған керогаз

Көпшілік қауым музейге аса бағалы жәдігерлерді көріп, тарихтан тағылым алуға келеді. Өткен жылдар болашақ үшін де бағалы. Мұндай сезімдер адамға кемінде ғасырлық тарихы бар құндылықтармен танысқанда келеді.

Талас аудандық тарихи өлкетану музейінде сақталған керогаздың кемінде жетпіс жылдан астам тарихы бар. Жетпіс жыл дегеніңіз де орта есеппен алғанда бір адамның ғұмыры. Керогаз – ас пісіруге арналған құрал. Бұл затты Қаратау қаласына жақын орналасқан Қарой ауылының тұрғыны болған Жамалбек Шекербекұлының отбасы алпыс жылға жуық пайдаланған. Содан 2017 жылы Жамалбектің жұбайы Бибайша Бижігітқызы осы керогазды, отағасының өз қолымен жасаған бірнеше ерекше бағалы бұйымдарын аудандық музейге өткізген. Қазіргі таңда ол заттардың барлығы музейдің құнды жәдігерлері ретінде сақталып тұр. Бибайша Бижігітқызының жасы қазір 81-де екен. Жасы келген әжеміздің бізге мән-жайды түсіндіруге мүмкіндігі болмағандықтан, қызы Зағиша Шекербекпен тілдестік. Ол кісі бізге біраз ақпарат берді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Талас ауданы