Білім

Жаңа жетістіктерге жол бастаған күн

Биылғы Білім күнін облыс оқушылары «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбымен атап өтті. Жаңа оқу жылын мерекелік көңіл-күймен бастап, әрбір оқушы үшін мектептің мейірімділік пен білімнің ордасы екенін көрсетуді мақсат еткен іс-шара Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында да ұйымдастырылды.

Гимназия ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап барған облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек облыста 507 орта білім беру ұйымдарына 248 мыңнан аса оқушы білім алатынын жеткізді.

Сондай-ақ, білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге 1,9 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Білім алушыларды қауіпсіз және қолайлы оқыту ортасымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады, – деген Қанатбек Қайшыбекұлы білім ізденуші балаларға табыс, ұстаздарға сәттілік тіледі.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА