Түрлі саланың майталмандары марапатталды
Конституция күніне орай облыс орталығындағы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні қалың көпшілік Әнұранды әуелете шырқап, айтулы күннің ажарын аша түсті. Ал, салтанатты іс-шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде Ата Заң мемлекетіміздің экономикалық даму жолындағы бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат екенін атап өтті.