Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрін қабылдады

Мемлекет басшысының күні кеше ғана Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалған Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Ақордаға сілтеме жасап

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.

Сонымен қатар Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.

Айта кетейік, Ербол Қуантайұлы 1984 жылы Шығыс Қазақстанда дүниеге келген.